Еліміздің Реттеуші банкі жаңа коллекциялықтарды монеталарды сатылымға шығарды. Монетаның бірі- «ТДМ 35 жыл». Жаңа монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен жарық көреді. Ол күмістен 925 сынамасымен жасалған. Жаңа монетаның салмағы -31,1 грамм, диамерті- 38,61 мм, дайындау сапасы- proof, номиналы — 1000 теңге, таралымы — 1000 дананы құрайды.
Коллекциялық монеталарды Ұлттық банктың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет дүкенінен сатып алуға болады. Ол ресми дүкенде 49 000 теңгеден саудаланып жатыр.
«Қазақстанның інжу-маржандары» сериясымен «BURABAY» коллекциялық монеталары сатылымға шықты. Ділдә түрлі-түсті баспа және интерференциялық құбылмалы қабат қолдану технологиясымен күмістен жасалған. Оның таралымы 2000 дананы құрайды. Жаңа монетаның номиналы-1000 теңге. Оның салмағы-31,1 грамм, өлшемі – 45х30 мм, дайындау сапасы — proof. Жаңа монетаны ресми сайтта 51 мың теңгеден саудалануда.