1 сәуірде БҚО-да күндіз жауын-шашын күтіледі
1 сәуірде БҚО түнде ауа температурасы +5+10 °C жылы болмақ.

«Қазгидромет» РМК» таратқан ақпарына сүйенсек, көкек айының бірінші жұлдызында Батыс Қазақстан облысында ауа райы +5+10 жылы болады. Аймақтың оңтүстігінде 13 градус жылы болмақ. Күндіз ауа температурасы 17 градус нөлден жоғарып болып, +22 градусқа дейін жылынып, облыстың оңтүстігінде 25 градус нөлден жоғары болмақ. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады деп күтілуде.
Атырау облысында түнде ауа райы +7-12 градус нөлден жоғары, күндіз ауа температурасы +19-24 градус жылы болмақ. Күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Маңғыстау облысында жауын-шашын күтілуде. Синоптиктер облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр. Облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл болатынын хабарлады. Өңірде түнде ауа температурасы +7+12 °C , күндіз +16+21 жылы болмақ. Тек облыстың батысында күн райы 13 нөлден жоғары, оңтүстігінде +25 градус болады деп күтілуде.
1 сәуірде Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз болады. Аймақта түнде ауа температурасы +3+8 болса, күндіз +17 + 22 болады деп күтілуде.