Елімізде жоғарғы оқу орында грантқа оқысы келетін талапкерлер негізгі ҰБТ тапсырады. Биыл сынақ мерзімі екі айға жалғасты. Тест оныншы мамырда басталды. Биыл министрлік талапкерлерге екі мәрте тест тапсыруға рұқсат берді.
«Мой город» ақпарат агентігінің тілшілері Орал қаласында орналасқан «Ұлттық тестілеу орталығы» мекемесінің өңірдегі филиалына барды. Ғимаратта талапкерлер тест тапсырды. Әуелі талапкерлерді арнайы құрылғыда тексереді.
Тест тапсыратын орында арнайы жабдықталған компьютерлер көп. Оның төбесінен камерамен бақылап отырады. Ереже бұзғандарды хаттама толтырып, шығарып жібереді. Ұлттық тестілеу орталығының таратқан ақпарына сүйенсек, жеті аптаның қорытындысы бойынша ереже бұзған 50 батысқазақстандық тесттен шеттетілген.
Жеті аптаның қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі реттен қоса есептегенде 12,1 рет тапсырыпты. Орташа балл 67-ні құрапты. Ең көп балл 138-ді құраған. Тест тапсыратындардың басым көпшілігі қазақ тілін таңдапты. Ағылшын тілінде 11 адам, орыс тілінде 26 пайызы тапсыруды жөн көріпті.
Негізгі ҰБТ-ның қорытындылары келер аптада белгілі болмақ. Ал, 31 қазанға дейін тест тапсырған жандардың бейнежазбасы тексерілмек. Егер ереже бұзғандар анықталса, олардың нәтижесі жоққа шығарылады.