Синоптиктер 15 қыркүйекке арналған болжамын жариялады. «Қазгидромет» мекемесінің таратқан ақпарына сүйенсек, сейсенбіде Оралда түнде +11+13 градус, күндіз күн райы +23+25 градус болмақ. Күндіз жауын-шашын күтілуде. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Атырауда түнде +16+18 градус, күндіз ауа температурасы +30+32 градус жылы болмақ.
Ақтауда күндіз ауа температурасы 30-32 градус жылы болып, түнде +18+20 градус болады. Маңғыстау облысында жауын-шашын күтілмейді.
Ақтөбеде түнде 9-11 градус жылы болып, күндіз ауа температурасы +22+24 градус болмақ. Ауа райы құбылмалы болып, желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады деп күтілуде.