27 марта в 13:00

2185 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2025 жылы 2200 жуық этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

2185 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
"ЖИ" фотосы

Биыл елге оралған жандардың Қытайдан - 46,4%, Өзбекстаннан - 41%, Түрікменстаннан - 7,1%, Ресейден -1,9%, Монғолиядан -1,6% және екі пайыз өзге мемлекеттерден тарихи Отанымен қауышты.

2025 жылдың бірінші наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,8% құрайды. Ал, кәмелетке толмағандар 30,8% және зейнеткерлер 8,4 пайызды құрайды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің таратқан ақпарына сүйенсек, жұмысқа қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,8% жоғары білімді, 30,7%  орта кәсіби білімді, 50,8%  жалпы орта білімді және 1,7%- білімі жоқ.

Этникалық қазақтар еліміздің түрлі өңірлеріне қоныстанды. Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды. Олардың қатарында Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облысы бар.

Биыл қандандастарды қабылдау үшін 2309 адамды құрайтын квота бекітілді. 2025 жылдың бірінші наурыздың біріне дейін еліміздің түпкір-түпкіріне 389 қандас көш түзеді.

Тізімге енген өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге мемлекет қолдау көрсетеді. Бір мезгілде отағасы мен жанұя әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде субсидия беріледі. Сондай-ақ, тұрғын үй жалдау мен коммуналды қызметтердің ақысын төлеу үшін бір жылдың ішінде 15-30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Министрлік 84 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілгенін хабарлады. 56 адам тұрақты жұмысқа орналастырылыпты.

Этникалық қазақтар 1991 жылдан бастап тарихи Отанына орала басталды. 34 жылдың ішінде 1 млн 150 мың қандас елге көшіп келді.



Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp