Синоптиктер 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» мекемесі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бейсенбіде Оралда түнде ауа температурасы +15+17 градус болмақ. Түнде жаңбыр жауып, кей жерлер найғазай ойнауы мүмкін. Ал, күндіз +27+29 градусқа дейін жылынып, ала бұлтты болмақ. Таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады.
Ал Атырауда бейсенбі күні жауын-шашын жаумай, ашық болады деп күтілуде. Синоптиктер түнде ауа райы болжамы +15+17 градус, күндіз 29+31 градус нөлден жоғары болады деп хабарлады.
Ал, Ақтөбе қаласында күндіз ауа температурасы +23+25 градус болып, түнде 11-13 градус жылы болмақ. Күндіз ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін болады.
Ал, Ақтау шаһарында ауа температурасы +31 градусқа дейін жылып, жауын-шашын күтілмейді. Түнде температура +21+23 градус болмақ.