• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

30 қыркүйекте Оралда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңке Құрманғазы көшесі, 173А мекенжайында өтеді.
30 қыркүйекте Оралда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

30 қыркүйекте Оралда екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы хабарлады. Жәрмеңке бұған дейін 25 қыркүйекте өтеді деп жоспарланып еді. Бірақ аза тұту күніне орай іс-шараның өтетін күні өзгерді.

Іс-шара Құрманғазы көшесі, 173А мекенжайында ұйымдастырылады. Жәрмеңке сағат 11:00-ден түскі бірге дейін өтпек. Оған қала жастары, мүгедектігі бар жандар, пробация есебінде тұрған адамдар мен екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандар қатыса алады. Шаһарда осымен алтыншы мәрте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. 

Облыстық еңбек мобильділігі орталығының таратқан ақпарына сүйенсек, биылғы жылдың екі тоқсанының қорытындысы бойынша өңірде 16502 адам жұмыссыз деп тіркелген. Оның 5511-і Орал қаласының тұрғындары екен.