19 марта в 10:20

5 сәуірге дейін мопедтерді тіркеп үлгеріңіз

Қазақстандықтар 5 сәуірге дейін мопедтерін бар тіркеп үлгеруі керек.

5 сәуірге дейін мопедтерді тіркеп үлгеріңіз
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстанда қабылданған заңнамаға сәйкес мопеді бар қазақстандықтар техникасын тіркеп үлгеру керек. Ішкі істер министрлігі тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынатынын айтады. Құқық бұзған жандар Әкімшілік кодекстің 590 бабының, екінші бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Күні бүгінге дейін ел аумағында 8527 мопед тіркеліпті. Техниканы тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.

— Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алу керек: жеке басты куәландыратын құжат, электронды түрі де жарайды, техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер. Өтінішті толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет. Тіркеуді кейінге қалдырмаңыздар! Өзіңіз үшін "жағымсыз салдардан" аулақ болу үшін мопедті заң талаптарына сәйкес келтіргеніңіз абзал, - дейді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp