Социум
Ақтөбе. Мүгедекке тігін машинасы тарту етілді
«Даму» қорының Ақтөбе облыстық аймақтық филиалында «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша 3 топтағы мүгедек Медет ҚАРҒҰЛОВҚА аяқ-киім жөндеу шеберханасына арналған құрал-жабдықтар мен қажетті материалдар сыйға берілді. Бұл туралы "Мой ГОРОД" порталына «Даму» қорының Ақтөбе облыстық аймақтық филиалының бас менеджері Берік НҰРҒАЛИЕВ хабарлады. - 30 жастағы Медет ҚАРҒҰЛОВ бала күнінен мүгедек. Өзі естіп-сөйлей алмаған соң оған жұмысқа орналасу өте қиын. Медеттің 3 баласы бар, үлкені 4 сыныпта оқиды, ал қалған екеуі балабақшаға барады. Отбасын асырау үшін мемлекеттен берілетін жәрдемақы жеткіліксіз. Со