• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде 8 велосипедті ұрлаған ер адам қолға түсті

Күдікті ұрлаған велосипедтерін көшедегі адамдарға сатып жіберген.
Ақтөбеде 8 велосипедті ұрлаған ер адам қолға түсті
Фото видеодан стоп кадр

Ақтөбеде велосипед ұрлаған тұрғын ұсталды. Облыстық полиция департаменті келтірген мәліметке сүйенсек, 49 жастағы ер адам Абай даңғылы бойында орналасқан үйлердің бірінде қараусыз қалған спорттық велосипедті қолды қылған. Қолға түскен күдікті тергеп-тексеру барысында бұдан басқа жеті велосипедті ұрлағанын мойындапты. Ол ұрланған көлік құралын бейтаныс, көшедегі адамдарға сатып жіберген көрінеді.

—Қазіргі уақытта күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ұрланған мүліктердің орналасқан жерін анықтау және оларды заңды иелеріне қайтару бағытында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Главный баннер

Тәртіп сақшылары тұрғындарға арнайы құжаты жоқ заттарды сатып алмауға кеңес береді. Мүліктің шығу тегіне байланысты сұрақтарыңыз болып, күдік тудырса, бірден полицияға хабарлауды сұрайды.

Главный баннер --> after article