Ақтөбе облысында мас жүргізуші жауапқа тартылды. Әкімшілік іс Шалқар аудандық сотында қаралды. Масаң күйде рөлге отырған жүргізуші қала ішінде тұрған жарық бағаны мен жол белгісін қағып, үкіметке залал келтірген.
Сот отырысында жүргізушінің ауыр дәрежеде мас болғаны анықталды. Ол өз кінәсін мойындап, келген шығынды өтеп беретінін мәлімдеген.
Судьяның қаулысымен жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608 бабының 3 бөлігімен кінәлі танылып, 20 тәулікке қамалды. Сот қаулысымен тұрғын жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.