• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде республикалық маңызы бар мыңға жуық шақырым жол қашан қолданысқа беріледі?

Қазіргі таңда «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» бағыты бойынша тас жол салынып жатыр.
Ақтөбеде республикалық маңызы бар мыңға жуық шақырым жол қашан қолданысқа беріледі?
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбе облысында жол салу жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірдегі басты жобалардың бірі –«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» бағыты. Оның ұзындығы 262 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда бұл учаске жеті бөлікке бөлінген деп Ақтөбе облысы әкімдігі хабарлайды. 

Қазіргі таңда бұл маңда мыңнан астам маман мен 700-ге жуық арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Басты ерекшелігі – төрт жолақты жолдың бағыттары бір-бірінен бөлек салынғалы отыр. Бұл шешім көлік қақтығыстарының алдын алып, қауіпсіздікті күрт арттырады. Жобаның толық аяқталуы 2029 жылға жоспарланған.

«Қазавтожол» компаниясының облыстық филиалы директор орынбасары Ринат Оразғалиевтің айтуынша, қазір барлық жеті учаске бойынша мердігерлер анықталып жатыр.Бұған дейін басталған жұмыстардың кейбірінде қазірдің өзінде асфальт төселіп үлгерді. Мамандардың жоспары бойынша, осы жылдың соңына дейін бірқатар учаскелердегі жұмыстар толық аяқталуы тиіс. Бұл жүргізушілердің жолдағы уақытын қысқартып, көлік қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтермек.

Главный баннер --> after article