Ақтөбеде бюджет қаражатын жымқырған шенеунік 8 жылға сотталды
Ақтөбе облысында 272 млн теңгеге бюджет қаражатын ұрлағандар сотталды.

Ақтөбеде бюджет қаражатын ұрлаған орталық директоры сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Актөбе қаласының прокуратурасы бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін тексерді. Тексеріс нәтижесінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры мен кәсіпкер өзара келіскені анықталды. Олар жол таңбаларын орнату үшін тендер ойнатып, келісімшарт жасасқан.
Алайда, келісім сол қағаз жүзінде орындалғаны анықталды. Соның кесірінен мемлекетке 272 миллион теңге шығын келген. Ұрланған қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып, иемденген. Ақтөбелік прокурорлар Қылмыстық кодекстің 189 бабы, төртінші бөлігі, екінші тармағана сай, іс қозғады. Іс сотта қаралып, қазына қаржысына қол салған шенеунік сегіз жылға сотталып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Ал, шенеунікке болысқан кәсіпкер жеті жылға сотталып, он жыл кәсіпкерлік қызметпен айналыспайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.