Атыраулықтар екі күн ыстық сусыз отырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
"Атырау жылу жүйелері" ЖШС 15-16 қыркүйекте магистралды және жылу тарату желілерінде гидравликалық тексеріс жүргізеді. Сала мамандары бұл күндері сынақ өткізілетін жылу құбырларына кем дегенде он метр қашық жүруге, қауіпті аймақтарға балалар мен үй жануарларын, көлікті қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Егер құбырдан су кетсе бірден мамандарға хабарласуға сұрайды. Сұрақтарыңызды мына телефон нөміріне 99-43-07, 99-43-98, 32-22-58 хабарласып, жолдай аласыздар.