• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Маңғыстауда демеуші қаражатын жымқарғандар ұсталды

Күдікке ілінген адамдар күйікке шалдыққан жандарға арналған медициналық бұйымдардың ақшасын жымқарған екен.
Маңғыстауда демеуші қаражатын жымқарғандар ұсталды
Фото видеодан стоп кадр

Маңғыстау облысында Жаңаөзен ауруханасына демеушілік қаражатты жымқырғаны үшін тергеу басталды. Қазіргі таңда үш адам күдікті деп танылып, қолға түскен. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.

Агенттік таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2025 жылы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы күйік бөлімшесін ашуға жәрдемдесу туралы "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясына хат жазған. Жобаны іске асыруға 223 миллион теңге бөлініп, оны "ӨзенМұнайГаз" АҚ "Жарылқау" қоғамдық қорына аударған.

Главный баннер

Алғашында жоба аясында медициналық жабдықтың сегіз түрін сатып алу және мамандарды оқыту көзделген. Алайда кейін жобаның шарттары өзгертіліп, бөлімшені кешенді түрде жабдықтаудың орнына қоғамдық қор, қалалық аурухана және "AKBS Invest" ЖШС арасында жалпы құны 210 миллион теңге тұратын, күйікке шалдыққан науқастарға арналған небәрі екі арнайы кереует сатып алу жөнінде үш жақты шарт жасалған. Келісімшарт заңға қайшы жасалған. 

Тергеу дерегінше, заңсыз іске қалалық аурухана директорының орынбасары, "Жарылқау" қоғамдық қорының басшысы, Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары және өнім беруші қатысы бар. Жабдық сатып алуға небәрі 92 миллион теңге жұмсалған. Тергеу нұсқасы бойынша, қалған қаражат үлестес кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, іске қатысушылар арасында бөлінген, - деп хабарлады Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

"AKBS Invest" ЖШС өкілі қылмыстық жолмен түскен қаражатқа елордадан пәтер сатып алып, оны үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы бойынша лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану дерегімен тергеу басталды.

Соттың санкциясымен олардың мүлкіне, соның ішінде үш пәтерге, екі тұрғын үйге және автокөлікке тыйым салынды.

Главный баннер --> after article