24 марта в 17:00

Қазақстанда төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін қолданудың үрдісі артты

Қазақстанда төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін қолданудың үрдісі артты.

Қазақстанда төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін қолданудың үрдісі артты.
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Елімізде төлем қабілетін қалпына келтіргісі келетіндердің саны артыпты. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов мәлімдеді. 2023 жылы төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін бір адам қолданса, өткен жылы 13 қазақстандық қолданыпты. Биыл 17 азамат төлем қабілетін қалпына келтіру рәсіміне өтініш берген.

«Заңның бүкіл қолданылу кезеңінде 120 млрд теңге сомасына орындалмаған міндеттемелері бар 22,6 мың азамат банкрот деп танылды, жеті  азамат жоспар шеңберінде жаңа кесте бойынша өз міндеттемелерін орындай отырып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіруде», – деді мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов.

Қазақстанда 2022 жылдың 30 желтоқсанында  президент  "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" заңнамасына қол қойды. Заң 2023 жылдың үшінші наурызынан бастап қызметін бастады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp