Қазақстаннан 6,1 млн тонна дәнді дақыл экспортталды
Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелге экспортталған өнімнің көлемін жариялады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының деректеріне сүйене отырып, дәнді дақылдардың тасымалын жариялады. Ақпаратқа сүйенсек, өткен жылдың кыркүйегі мен 2025 жылдың оныншы наурызына дейін ел ішінде 1,6 миллион тонна дәнді дақыл тасымалданыпты. Ал, шетелге экспортталған өнім 6,1 миллион тоннаны құраған. Сала мамандары экспорттың көлемі 52,8 пайызға артқанын хабарлады. Өзбекстанға 2,3 миллион тонна дақыл жөнелтілген. Өткен кезеңмен салыстырғанда экспорт 32 пайызға артыпты. Ал, Тәжікстанға 899 мың тонна, Ауғаныстанға 256 мың тонна, Қырғыстанға 233 мың тонна, Иранға 718 мың тонна, Әзірбайжанға 379 мың тонна өнім экспортталды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі өткен жылы 10,6 миллион тонна дәнді дақыл тасымалданғанын хабарлады. Өнімнің 8,1 миллион тоннасы шетел асқан. Қалғаны ел ішінде тасымалданған. 2024 жылы Қазақстанда 3,2 миллион тонна астық тасымалы тіркелген. Астықтың 817 мың тоннасы ел аумағында тасымалданса, қалғаны шетелге жөнелтіліпті.