31 октября 2020

Бөрлі ауданында әлеуметтік сала қызметкерлері күні атап өтілді

Бүгінде Бөрлі ауданы бойынша 250 адамға қамқорлық көрсетіледі. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар, сондай-ақ, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, тыл ардагерлері мен жалғызбасты қариялар бар. Бөрлі ауданында әлеуметтік сала қызметкерлері күні атап өтілді Қазанның соңғы жексенбісінде Қазақстанда әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке 2011 жылы Ел Президентінің Жарлығымен бекітілді. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, жалғыз басты қарияларға қамқор болып жүрген жандардың кәсіби мерекесі Ақсайда Бөрлі ауданының 85 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары А. Тоғжанов құттықтап, қызметте белсенділік танытып жүрген әлеуметтік қызметкерлерді БҚО әкімінің орынбасары және БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы, аудан әкімі Миржан Сатқановтың алғыс хатымен марапаттады. Бүгінде Бөрлі ауданында көмекке зәру жандарға мемлекеттік тапсырыс негізінде әлеуметтік қызметтің 8 түрі көрсетіледі. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің екі секторында 70 әлеуметтік қызметкер еңбек етеді. Әлеуметтік қызметкер аптасына екі рет көмекке мұқтаж жандардың үйіне барады. Солардың бірі - Галина Нармухамбетова салтанатты шарада БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды. Оның әлеуметтік салада еңбек еткеніне төрт жыл. Негізгі міндеті – мүмкіндігі шектеулі жандардың үйін жинау, дүкеннен азық-түлік тасу, дәріханаға бару және коммуналдық төлемдерді төлеу. - Әлеуметтік қызметкер болу өзіме ұнайды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілдерінен шығып, қолдан келгенше көмек беремін. Өзімнің қарауымдағы көмекке зәру жандарға бауыр басып қалдым. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ішінде мені көргенде мәз болып, «анашым» деп алдымнан құшақ жая қарсы алғанда, қуанып қаламын, - деді. Бүгінде Бөрлі ауданы бойынша 250 адамға қамқорлық көрсетіледі. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар, сондай-ақ бірінші және және топтағы мүгедектер мен тыл ардагерлері, жалғыз басты қариялар бар. - Бізде жұмыс жасайтын 70 әлеуметтік қызметкерлер педогогикалық, психологиялық, медициналық, әлеуметтік бағытта жұмыс жасайды. Арасында 25 жылдан артық қызмет еткен тәжірибелі қызметкерлер бар. Олар жыл сайын тестілеуден өтіп, біліктілігін көтереді, курстарда оқиды. Міндетті түрде аттестациялаудан өтеді, - деді Бөрлі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ольга Басимова. Айта кету керек, мемлекет әлеуметтік қызметкерлердің еңбек жағдайларын жүйелі түрде жақсартып келеді. Жыл сайын елімізде әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін ынталандыру шаралары күшейтілуде. Ақсай және ауылдық округтерде әлеуметтік қызметкердің қоғамдық көлікте жүруіне қосымша төлем төленеді, айтулы мерекелік күндерде сыйақы алады. Тұрғын үй секторы арқылы пәтер кезегіне тұра алады. 15 жылдан бері әлеуметтік салада жұмыс жасаған қызметкер Алтын Шағатова «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» арқылы Орал қаласынан екі бөлмелі пәтерге қол жеткізді. - Бюджеттік сала қызметкері ретінде тұрғын үй алуға кезегім көпке созылмады, - деді. Әрине, әлеуметтік қызметкерлердің еңбектері көзге көрінбесе де, еленіп келеді. 2020 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлерге үстеме ақы төлеуге мемлекет бюджетінен қосымша қаржы бөлінді. Қазақстанда әлеуметтік қызметкер жалақысы 2020 жылдан бастап өсті. Сонымен қатар ауылдық округте жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлерге қосымша 9 мың теңге беріледі. Аталмыш сала қызметкерлерінің сөзінше, әлеуметтік қорғау жүйесінде жұмыс істеу үшін білім ғана емес, сонымен қатар адамдармен қарым-қатынас, өзге жандарға шынайы жаны ашу, оларға психологиялық қолдау көрсету тәрізді қасиеттер болу қажет. Сонымен қатар, бұл жұмыс шыдамдылық пен төзімділікті қажет етеді. Бөрлі ауданында әлеуметтік сала қызметкерлері күні атап өтілді Жайнагүл ЖЕҢІСҚЫЗЫ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp