30 октября 2020

Бөрлі ауданында мектептер штаттық режимде жұмыс істеуде

Жақында БҚО бас санитарлық дәрігерінің қаладағы короновирустық инфекция ауруларының алдын алу және одан арғы шараларды күшейту туралы жаңа қаулысы шықты. Почти 1,5 тысячи компьютеров закупили для дистанционного обучения в ЗКО "МГ" мұрағатынан иллюстративті фото Әлеуметтік желілерде Ақсайда қараша айынан бастап мектеп оқушылары тағы да қашықтықтан оқыту жүйесімен білім алуы мүмкін деген ақпарат та тарап үлгерді. Әсіресе бірінші сынып оқушыларына алаңдаған ата-аналардың сауалдары көп болды. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айымгүл Тржанованың сөзінше, карантин кезіндегі оқыту форматы туралы шешімді санитариялық бас дәрігер қабылдайды. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Екінші тоқсан бойынша қандай да бір шешім шыққанда тұрғындарға бірден хабарлайтынын жеткізді. Айымгүл Мақсотқызының айтуынша, 2020 оқу жылында барлық ауылдық жердегі мектептер штаттық режимде жұмыс істеуде, онда 2029 оқушы білім алуда. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Ақсай қаласының № 1,2,3,4,5,6,7 мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқытылуда. Жергілікті бюджет есебінен 374 компьютер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 80 компьютер және 90 планшет сатып алынды. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 600 планшет және 176 компьютер сатып алу жоспарланып отыр. Ауданның барлық білім беру мекемелерінде бақылау топтары құрылып, санитарлық талаптарға сай жұмыс күшейтілген. Бірінші оқу тоқсанының аяқталуына орай барлық мектептерде тоқсандық жиынтық бағалау жүргізіледі. Оқушылардың күзгі демалысы 5-11 қараша аралығында жоспарлануда. 2020-2021 оқу жылында 11 сыныптарда 449 оқушы күндізгі мектептерде, 16 оқушы кешкі мектепте білім алуда. Ауданның 25 жалпы білім беретін мектебі интернет желісіне қосылған. Сонымен қатар 10 мектеп талшықты-оптикалық, 10 мектеп радиокөпір, 6 мектеп 4G технологиялармен интернетке қосылды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында Ақсай қаласының №2,3,4 ЖОББМ, №6 мектеп-лицей базасында IT сыныптар жұмыс жасауда. Аудан мектептерінің компьютерлік техникамен қамтылуы 1621 копьютерді құрайды. 182 интерактивті тақтамен жабдықталған, оның 115-і ауыл мектептерінде. Сондай-ақ "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданның 15 мектебіне "Күнделік" электронды бағдарламасы енгізілді. 2020 жылғы білім бөлімінің бюджеті 8 983 495 000 мың теңгені құрап отыр. Жайнагүл ЖЕҢІСҚЫЗЫ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp