Барлық рәсімдер мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде өткізілді - Бөрлі ауданы әкімдігі
Ақсай қаласындағы көпқабатты үйлерді LED-пиксельдермен безендіру бойынша ресми түрде жауап берілді, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталының тілшісі. Бөрлі ауданы әкімдігі 26 шілдедегі Асхат Байкеннің Facebook әлеуметтік желісінде жазған постқа қатысты ресми түрде жауап қайтарды. - 2020 жылы Бөрлі ауданының құрылғанына 85 жыл толады. Бүгінгі таңда оның құрамына 12 ауылдық округ және 2013 жылы моноқала мәртебесін алған Ақсай қаласы (1967 жылға дейін Қазақстан станциясы) кіреді. Өткен жылы Ақсай қаласы бойынша 4 көпқабатты тұрғын үйді жарықдиодты пиксельмен безендіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесі