14 сентября 2017

«Бастау бизнес» жобасы нәтиже беруде 

Зеленов ауданының Достық ауылында аталған жоба бойынша бірнеше адам өз ісін қолға алды. Нұрхан Бекенов, жақын күндері шағын бордақылау кешенін іске қоспақ. Оның құрылысына жас кәсіпкер 2 миллион теңге жұмсағанын айтады. Бірақ кеткен ақша өзін-өзі ақтап отыр. Мұнда малды қысы-жазы күтіп ұстау үшін бар жағдай жасалған. Жемді ұнтақтайтын құрылғы орнатылып, сумен қамтитын құдық қазылған. Тіпті өрт қауіпсіздігі де ескерілген. - «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыған соң, кәсіп ашуға оқталдым. Мемлекет берген 4 млн. теңгенің жеңілдетілген несиесіне 20 бас рі қара сатып алдым. Әзірге әкелген жоқпын. Өйткені алдағы айда жем-шөп әзірлеп алуым керек дейді, - жас кәсіпкер Нұрхан Бекенов. Сабырғали Сисеновтің өз ісін бастауына да бағдарламаның көмегі зор болды. Бір айлық курстан өтісімен, көптен армандап жүрген кәсібін қолға алды. Ол, күнбағыс майын шығаратын шағын өндіріс ашпақ. Осыған орай ауыл шетінен жер алып, цехтың құрылысын бастап кетті. Бұған қоса іскер жан бизнес жоспарын сәтті қорғап, мемлекеттің 3 миллион 400 мың теңге көлеміндегі жеңілдетілген несиесіне ие болды. - Бұл қаржыға өндіріске қажет құрал-жабдық сатып алдым. Сағатына 160 литр сұйық май өндіретін болам. Дайын өнімді Орал қаласы мен іргелес аудандарда өткізуді жоспарлап отырмын. Бұл іспен бұған дейін де айнылыстым. Тек айырмашылығы бұрын күнбағыс дәнін Ресейге апарып өңдейтінмін. Бұл жұмыстың шығыны көп те, табысы аз болды. Енді барлық процесс өз цехымда атқарылады дейді, - Сабырғали Сисенов. «Бастау бизнес» жобасы Зелено ауданфнда сәуір айында қолға алынған болатын. Содан бері 4 топ бойынша, 118 адам кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерді. - 118 адамның 47-сі несие алып, өз ісін қолға алды. Тағы алты тұрғын түрлі кәсіп бойынша қажетті құжатты жинап жатыр. Бұған қоса жоба бойынша оқыған оншақты адам өз қаржысына бизнесті бастап кетті. Бір сөзбен айтқанда жоба оң нәтиже беріп отыр дейді, - «Бастау бизнес» жобасының үйлестірушісі Гүлбаршын Сейітова. Осылайша «Бастау бизнес» жобасы бес мыңнан аса халқы бар ауыл тұрғындарың белсенділігін арттырып, кәсіпкерліктің кең қанат жаюына себепші болып отыр. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp