• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Биыл Оралдан 300-ден астам бозбала әскерге аттанбақ

Оралда бозбалалар әскерге аттанды.
Биыл Оралдан 300-ден астам бозбала әскерге аттанбақ
Медет Медресовтың фотосы

Оралда жас сарбаздар әскерге аттанды. Болашақ жауынгерлер №5517 әскери бөлімінде сап түзеді. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Мұрат Байменов пен сала ардагерлері, әскери қызметкерлер қатысты. Шаһар басшысы болашақ сарбаздарға сәттілік пен сәт-сапар тіледі. 

 —Бүгін біз үшін маңызды сәтте бас қосып отырмыз.Алдымызда Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғауға бара жатқан 20 жас азамат тұр. Әскер қатарына аттану— әрбір азаматтың өміріндегі маңызды кезең! Ал, шекара қызметі —үлкен жауапкершілікті, қырағылықты, тәртіпті және Отанға деген шынайы сүйіспеншілікті талап ететін абыройлы қызмет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастардың Отан алдындағы борышын өтеуге және әскердегі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән беріп келеді. Сіздер еліміздің қасиетті шекарасын күзетіп, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесіңізді қосасыздар.Бұл үлкен сенім әрі мәртебелі міндет. Сондықтан сіздерге айтарым, әскери тәртіпті қатаң сақтаңыздар, командирлердің талаптарын орындаңыздар, бір-бірлеріңізге қолдау көрсетіп, нағыз жауынгерге тән сабырлық пен жауапкершілік танытыңыздар. Сіздер аталарыңыз ғана емес туған жерлеріңіз бен барша Орал жұртының үмітін арқалап барасыздар. Әрбір жетістіктеріңіз ел абыройы, — деді қала әкімі Мұрат Байменов. 

Главный баннер

Биыл күзде Орал қаласынан 350-ден астам бозбала Отан алдындағы борышын өтуге аттанбақ. Бұл туралы Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Бауыржан Есенеев хабарлады. Басқарма бастығы жылдан жылға әскерге барғысы келетін жастардың қатары артып келе жатқанын тілге тиек етті. Әрбір Отан алдындағы борышын өтейтін сарбаздарды әскерилер мұқият тексереді екен. 

— Әрбір әскерге аттанған ер азамат-Қазақстан Республикасының патриоты. Әрбір әскерге шақырылушы кем дегенде екі мәрте медициналық сараптамадан өтеді. Жарамсыз әскери шақырушылар әскерге шақырылмайды. Және әскерге шақырылған ер азаматтар психологиялық, полиграфиялық сараптамадан өтеді, — дейді Бауыржан Есенеев. 

Оралдан аттанған 20 жас Маңғыстау облысына қарасты Жаңаөзен қаласында қасиетті борышын өтемек. Батысқазақстандық бозбалалар Ұлттық ұлан сапына алыныпты.Ер азаматтардың бірін сөзге тарттық. 

— Менің жасым 19-да. Мен Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылында тұрамын. Биыл колледж аяқтап, әскерге шақырылдым. Жаңаөзенде борышымды өтеймін. Мен әрбір ер азамат Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс деп ойлаймын. Сол себепті әскерге барамын деп шештім, -дейді болашақ сарбаз Диас Қонақбаев. 

Биыл Батыс Қазақстан облысынан күзгі әскерге шақыру науқанында 600-ден астам ер азамат Отан алдындағы борышын өтейді. Күзгі әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғаспақ.

Главный баннер --> after article