• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Маңғыстаудың тұрғыны бекіре балығын заңсыз сақтаған

Оқиға Жаңаөзен қаласында тіркелді.
Маңғыстаудың тұрғыны  бекіре балығын заңсыз сақтаған
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Маңғыстау облысына қарасты Жаңаөзен қаласында бекіре балығын заңсыз сақтаған дерек тіркелді. Бұл туралы Polisia.kz  хабарлады. 14 қыркүйекте қала тұрғыны полицияға жаңаөзендіктердің бірінің үйінде бекіре тұқымдас балық сақталуы мүмкін деп ақпарат түсірген. Осы ақпардан соң тәртіп сақшылары баспана тексеріп, шаруашылық жертөлесінен бекіре балығы салынған төрт қара дорбаны тапқан. Жалпы полиция қызметкерлері сегіз бекіре тұқымдас балықты тәркілепті. Тергеу барысында екі балықтың бөгде адамға сатылғаны да анықталыпты. Полиция қызметкерлері балықты сатып алған адамды анықтап, оның көлігінен екі бекірені тәркілеген.

Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 339-бабының бірінші бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Главный баннер
Главный баннер --> after article