Ақтауда есірткі сақтады деген күдікпен қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Маңғыстау облысының орталығында тәртіп сақшылары «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Нива көлігін тоқтатқан. Темір тұлпарды тінту барысында есірткі заты салынған тоғыз дорба табылып, тәркіленген.
Осы оқиғадан кейін полиция қызметкерлері 25 шағын ауданда орналасқан гаражды тінтіпті. Оның ішінен төрт дорба пен 85 дана зип-пакет тәркілепті. Дорбалардың ішінде есірткі затына ұқсас зат табылған. Қазіргі таңда дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.Тергеу амалдары жүріп жатыр.