Атырауда түрмеге тыйым салынған заттарды дрон арқылы жібермек болғандардың жолы кесілді. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық ұланның әскери қызметшісі лейтенант Мирас Исказиев сағат 8:30-дар шамасында №15 түзету мекемесінен бір шақырым жерде жатқан орамы бар дронды тапқан. Әскери қызметші орамды тексергенде өсімдік тектес, жасыл түсті зат салынған 11 дорбаны анықтапты.
- Әскери қызметші табылған зат туралы дереу кезекші қызмет арқылы баяндады. Оқиға орнында тиісті қауіпсіздік шаралары қабылданып, табылған зат одан әрі жүргізілетін іс-шаралар үшін құзыретті органдарға тапсырылды, - деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда осы оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.