Ақтөбеде абақтыға телефон алып кірмек болды. Бұл туралы Ақтөбе облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға №70 түзету мекесінде тіркеліпті. Заң бұзған азамат тамақ арасына телефонды тығып, түрмеге кірбізбек болған.
- Тыйым салынған затты мекемеге өткізуге әрекет жасаған 32 жастағы азамат ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.Нәтижесінде, Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 2026 жылғы бірінші қыркүйектегі қаулысымен аталған азаматқа 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды, - деп хабарлайды Ақтөбе облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент қызметкерлері заң бұзған азаматтың бұған дейін де абақтыға заңмен тыйым салынған затты алып өткізуге әрекет жасағанын атап өтті.
Тәртіп сақшылары түзету мекемелеріне сәлем-сауқат әкелетін азаматтарға тыйым салынған заттарды әкелмеуге, әкелген жағдайда жауапқа тартылатынын еске салады.