Атырауда абақтыға тыйым салынған заттарды алып кірмек болғандардың жолы кесілді. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады. 5546 әскери бөлімінің қызметкерлері мен №15 қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері бірлесіп, түрмеге тыйым салынған заттарды алып өтпек болғандарды тоқтатқан.
– Оқиға көлік бақылау-өткізу пунктінде "Газель" маркалы автокөлігін тексеру кезінде болған. Тексеру барысында ұландықтар "Шах" атты қызметтік-іздестіру итін қолданады.Қызметтік ит көлік құралының салонында тыйым салынған заттардың болуы мүмкін екенін білдіретін белгі бергендіктен, бақылаушылар жіті тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижесінде салон қалташасынан ішінде спецификалық иісі бар өсімдік тектес зат салынған пластикалық банка табылған, – деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Оқиғаның жай-жапсары мен заң бұзған адамдар анықталмақ.