• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде түрмеге телефон алып кірмек болды

22 жастағы тұрғынға Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып, іс сотқа жолданыпты.
Ақтөбеде түрмеге телефон алып кірмек болды
Ақтөбе облысы ҚАЖД суреті, Коллаж "ЖИ" көмегімен жасалды

Ақтөбеде түрмеге телефон алып кірмек болған адам ұсталды. Оқиға №70 түзету мекемесінде тіркеліпті. Заң бұзған азамат абақтыға телефонды майонез шелегінің ішіне жасырып, алып өтпек болған. Бұл туралы Ақтөбе облысы қылмыстық атқару жүйесінің департаменті хабарлады. 

 — Тыйым салынған зат екі пластикалық майонез құтысының арасына жасырылған. Бір құтының түбі кесіліп, екіншісінің сыртына кигізілу арқылы жасырын қуыс жасалған, – деп хабарлады Ақтөбе облысы қылмыстық атқару жүйесінің депарменті.

Главный баннер

Сәлемдемені жіті тексерген департамент қызметкерлері Nokia маркалы ұялы телефон мен SIM-карта тәркіленді. Абақтығаа тыйым салынған затты алып кірмек болған 22 жастағы тұрғын ұсталды. Оған әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа жолдаған.
 

Главный баннер --> after article