Батыс Қазақстан облысында 30 жылдан бері жиналған қоқыс тазартылды. Тазалық акциясы Ақжайық ауданының орталығында өтті. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады.
Қоқыс жинауға ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер мен кәсіпорын қызметкерлері ат салысқан.
Екі күннің ішінде 1100 тонна қоқыс арнайы полигонға шығарылған.
- Бұл - тек аумақты қоқыстан тазарту ғана емес, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруға, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.