• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да 68 мыңнан астам адамға тұмауға қарсы екпе салынбақ

Тұмауға қарсы екпе Ресейдің өнімі екен.
БҚО-да 68 мыңнан астам адамға тұмауға қарсы екпе салынбақ
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Күн суытып, адамдар жиі сырқатана бастады. Тұмауратып жүрген жандардың қарасы қалың. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, күні бүгінге дейін өңірде 32 адамнан тұмау анықталған.

Осы індетке қарсы өңірімізде екпе салу науқаны басталды. Биыл 68 мыңнан астам батысқазақстандыққа екпе егілмек. Екпе жайлы Өңірлік коммуникациялар алаңында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемологиялық бақылау департамент басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Мира Қауымбаева айтып берді.

Мира Нұрланқызының сөзіне сенсек, тұмауға қарсы Ресейдің «Гриполл+» екпесі сатып алынған.

- Екпе бір жылға ғана жарамды. Вирус А және Б типіне қарсы, оның ішінде шошқа тұмауына қарсы әсері бар. (...) Екпе ешқандай қоспасыз, тауық имбронынан өсіріліп алынған. Сол себепті Халял. Одан қорқудың қажеті жоқ. Тірі вакциналардан айырмашылығы ешқандай асқынусыз және вакцинадан кейінгі клиникалық белгілерінсіз өтеді, - дейді Мира Қауымбаева.

Тұмауға қарсы екпені тегін медицина қызметкерлері, созылмалы дертпен есепте тұрған жандар, мен жүкті келіншектерге, 14 жасқа дейін түрлі созылмалы сырқатпен есепте тұрған балаларға егеді.

Өз еркімен екпе алғысы келгендер ақылы қызметке жүгінеді. Басшы орынбасарының міндетін атқарушы Мира Нұрланқызы өңірде тұмауға қарсы екпенің бағасын дөп басып айтпады. Ол әр медициналық мекеменің бағасына байланысты деп қысқа қайырды.