• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да балабақша есепшісі 29 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Балабақша есепшісі қыруар қаржыны қалай жымқырған?
БҚО-да балабақша есепшісі 29 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында балабақша есепшісі 29 миллион теңгені иемденіп, мемлекет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент таратқан ақпаратқа сүйенсек, есепші басшының сеніміне кіріп, электронды цифрлық қолтаңбасын алып, бугалтерлік бағдарламаны пайдалана отырып, қаражатты бірнеше жыл бойы өзінің есепшотына аударып келген. Ол өзіне негізсіз жалақы аударған көрінеді. 

 Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеліп, сотқа жолданыпты.

Батыс Қазақстан облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстің 201 бабын алға тартып, бұдан өзге ақпаратты жария қылмады.