• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Балабақша есепшісі өзінің есепшотына бес жыл бойы жалақасынан көп мөлшерде қаржы аударып келген.
БҚО-да балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында балабақша есепшісі 30 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлайды. Оқиға Сырым ауданында орналасқан болған. Прокурорлық тексеріс нәтижесінде балабақшаның есепшісі өзіне жалақысынан артық ақша аударғаны белгілі болды. Ол бес жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген. Осы іс бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189- бабы, 4-бөлігі, екінші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, тергеу жүргізу үшін облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырған.

- Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Осы норманың санкциясы кінәлі тұлғаның мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мән-жайлар жария етуге жатпайды, - деп хабарлады Бас прокуратура.

Главный баннер
Главный баннер --> after article