Оралда әдеп жөніндегі кеңесте мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты басқарманың басшыларына қатысты тәртіптік іс қаралды. Мән-жайды департамент басшысының орынбасары Жунус Кунчаев баяндады. Оның сөзіне сенсек, Орал қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Манарбек Қадырбеков оның орынбасары болып жұмыс істеген Ерболат Гайнешев қол астында еңбек еткен Ихсанов есімді азаматқа негізсіз артықшылық жасады деген іс бойынша тергеп-тексеру жүргізген екен. Кеңесте белгілі болғандай Ихсанов есімді азамат мемлекеттік кірістер басқармасына жұмысқа бас маман болып жұмысқа тұрады. Бірақ бұған дейін Ихсановтың атында жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде басқарып, ол туралы басшылығына уақытылы хабарламапты. Ол электронды қолтаңбаны ұзақ уақыт бойы қолданғаны белгілі болды. Тек тиісті хабарламаны 2026 жылдың көктемінде берген. Бірақ бас маман мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген шағында компаниясынан пайда таппаған көрінеді. Осы бойынша басқара басшылығы тәртіптік тексеріс жүргізген. Нәтижесінде бас маман Ихсановқа қатаң сөгіс түрінде жаза берілген. Департамент басшысы бұның заң талаптарына сәйкес келмейді деп айтты.
— Өйткені Ихсанов пен Хасеновке қатысты мәліметтердің бір ақпарат көзінен алынғаны, бір кезеңде анықталғаны және бірдей құқық нормалары тұрғысынан қаралуға жатқаны анықталды. Олардың әрекеттері, тәртіптік комиссияда бір уақытта қаралғанына қарамастан қабылданған шешімдер елеулі түрде өзгеше болған. Атап айтқанда, Хасенов мемлекеттік қызметтен босатылған. Ал Ихсановқа тек қатаң сөгіс тәртіптік жаза қолданылған. Нәтижесінде Ихсанов мемлекеттік қызметші мәртебесін атқарып, отырған лауазымын, мемлекеттік қызмет өтілін, жалақысы сақталып және мемлекеттік қызметке байланысты өзге де құқықтарын сақтап қалған. Ал Хасеновты 2026 жылдың ақпан айында 17 мың теңге пайда тапқаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері сақтау мәселелерін бағалау кезінде құқықтық маңызға ие болмай, жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылған. Соның салдарынан Ихсановқа артықшылық беріліп, ол мемлекеттік қызметшілерге қойылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтаған өзге мемлекеттік қызметшілер мен сондай-ақ Хасановпен салыстырғанда тәртіптік жауаптылық мәселесінде артықшылық жағдайына ие болған, – деді Жунус Кунчаев.
Орал қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Манарбек Чапайұлының ісі әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері майшаммен қарады. Олар департамент басшысының орынбасарынан әр айтқан сөзін сұраппен бекітіп, заң нормаларын жіпке тізіп, арнайылап анықтама беріп, департамент өкілдерінің сөзін заң нормасы мен ережені мысалға келтіріп, дұрыстап отырды. Нәтижесінде әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері бұл тәртіптікті істі қысқарту жайлы шешім қабылдады.
Осы жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мониторингі бойынша есеп тыңдалды. Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Райымбек Кайненов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жүргізілген тексерістің жай-жапсарын айтты. Тексеріс нәтижесінде Батыс Қазақстан облысында жақын туыстардың бір жерде жұмыс істеудің 219 дерегі тіркелген. Әкімдіктерде 27 жағдай, облыстық басқармаларда 192. Оның 175-сі білім беру жүйесінде анықталған.
— Бөкей Ордасы білім беру бөлімінде бөлім басшысы мен әдістемелік кабинет басшысының арасында туған аға-інілік, ал Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында директор мен әдістемелік бөлім меңгерушісі арасында ерлі-зайыптылық қатынас анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңының 14-ші бабына сәйкес жақын туыстардың тікелей бағынысты болуына жол берілмейді, —деді Райымбек Кайненов.
Жиында кеңесте тәртіптік іс жиі қаралатын аудандардың әдеп жөніндегі өкілдері атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді.