БҚО-да алаяқтардың ісі сотқа жолданды
БҚО-да алаяқтар 4,8 млн теңгеден астам залал келтірген.

Батыс Қазақстан облысына қарасты Қаратөбе ауданының прокуратурасы «WhatsApp» меседжері арқылы қаржы жымқырып, алданып қалғандардың ақшасын дроппердің шотына аударған қылмыстық топтың ісін сотқа жолдады. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы, екінші және үшінші тармағы бойынша қозғалыпты.
Күдіктілер алаяқтық жолмен тапқан қаржыны дроппердің банктік шотына арқылы 4,8 миллион теңгеден астам ақшаны аударғаны анықталыпты. Қылмыстық топтың құрығына түскендер көп. Зардап шеккендер Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан мен Жетісу облысы және Алматы қаласында тұрады. Прокурорлар алаяқтық үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, барлық мүлкін тәркілеумен жаза арқалайтынын ескертеді.