18 марта в 13:00

БҚО-да еріген қар суынан өзендердің деңгейі көтерілуде

БҚО-да Қаратөбе ауданында еріген қар суынан өзендердің су деңгейі көтерілді.

БҚО-да Қаратөбе ауданында еріген қар суынан өзендердің су деңгейі көтерілді.
"112 KZ" телеграм арнасының фотосы

Батыс Қазақстан облысына қарасты Қаратөбе ауданында еріген қардың суынан  Ақтай-сай ауылында Таян өзені, Қоржын ауылында Жақсыбай өзені, Қаратөбе ауылында Қалдығайты өзенінің деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі. Соның кесірінен Ақтай-сай мен Қоржын ауылын жалғайтын тас жолды су басты. Елді мекендерге келетін қауіп жоқ көрінеді. 

Қазіргі таңда ауданда Қалдығайты өзенінде Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жұмыс істеп жатыр. Олар Ақтөбе қаласынан келген. Әскери инертті материалдар салынған қаптарды толтыруда. Өзен жағалауын нығайту жұмыстарына тиегіш техника да жұмылдырған.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp