• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Дәрігерлер роботтың көмегімен асқазанға ота жасады

Алматылық онколог дәрігерлер қиын отаға роботты пайдаланды.
Дәрігерлер роботтың көмегімен асқазанға ота жасады
Денсаулық сақтау министрлігінің фотосы

Алматы онкология орталығының дәрігерлері қазақстандық медицинада бұрын соңды болмаған күрделі ота жасады. Мамандар роботтандырылған жүйенің көмегімен асқазанның бір бөлігін үлкен тіліксіз алып тастады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Министрлік бұл әдіс науқастың ағзасына түсетін ауыртпалықты айтарлықтай азайтып, сауығу процесін жылдамдататынын айтады.

Операция кезінде заманауи ICG-навигация технологиясы қолданылды. Ол хирургтарға қажетті аймақтарды аса жоғары дәлдікпен көріп, жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар халықаралық онкологиялық талаптарға сай D2 лимфодиссекциясы жасалып, лимфа түйіндері тазартылды.

Онкохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Балтаевтың айтуынша, робот жүйесі хирург қолының табиғи дірілін толық сүзгіден өткізеді. Үш өлшемді үлкейтілген кескін қолжетімсіз жерлерде де қатесіз әрекет етуге жол ашады.

Бұл – орталықта роботтың көмегімен орындалған мерекелі 15-ші ота. Бұған дейін дәрігерлер тік ішек, бүйрек, қуықасты безіне ота жасаған.

Министрлік таратқан ақпаратқа сүйенсек, орталықта жыл сайын үш мыңнан астам ота жасалады. Олардың 60 пайыздан астамы аз инвазивті тәсілмен орындалады екен. Тіпті кейбір жағдайда науқас ота жасаған күні аяққа тұрады.