Елден ірі көлемде шетел валютасын алып кетпек болғандар құрықталды. Он күнде осындай 70 дерек тіркелген. Жалпы соммасы 645 миллион теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ірі көлемде шетел валютасын алып өтпек жайттың бірі Жамбыл облысында орналасқан «Қордай» шекара бекетінде тіркеліпті. Шетел азаматы киімінің астына 70 000 АҚШ долларын жасырған. Заң бұзған азаматты жауаптыларға тапсырған.
Шекара қызметі он мың доллардан асатын қолма-қол ақшаны ел аумағынан тыс жерге алып шығуға тыйым салынғанын еске салады.
Фотогалерея
1 фото
Фотогалерея
1 фото