• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда 10 мыңнан мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар жандарды қызметке орналастыру жайлы мәліметті жариялады.
Қазақстанда 10 мыңнан мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты
Сурет "ЖИ"(chatgpt) көмегімен жасалды

Жыл басынан бері Қазақстанда мүгедектігі бар он мыңнан астам азамат жұмысқа орналасты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Жұмысқа орналасқан жандардың жартысына жуығы тұрақты қызметке тұрса, қалғаны мемлекет субсидия төлейтін мекемелерде қызмет атқарады.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, қазан айындағы мәліметке сүйенсек, жыл ішінде Мансап орталықтарына 29,5 мың мүмкіндігі шектеулі жан көмек сұрап жүгінген. Олардың 18,2 мыңы мемлекеттің белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысты.

Нәтижесінде 5,1 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал қалған азаматтар мемлекеттік қолдаудың арқасында еңбекке араласты: 4 264 адам қоғамдық жұмыстарға тартылса, 499 азамат «Күміс жас» жобасымен, 495 жас «Жастар практикасымен», ал 367 адам арнайы әлеуметтік қызметке орналасқан.

Мүгедектігі бар жандарды еңбекке тартудың басты құралы — арнайы жұмыс квотасы. Әлеуметтік кодекске сай, штатында 50-ден астам қызметкері бар компаниялар жұмыс орындарының 2–4 пайызын осы санаттағы азаматтарға бөлуге міндетті. Тек ауыр әрі қауіпті еңбек жағдайлары бар орындар бұл есепке кірмейді.

Биыл мемлекет 16 706 арнайы квота бөлді. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша, осы тетік арқылы 6,2 мыңға жуық адам жұмысқа орналасып үлгерді. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы бөлінген 16,7 мың квотаның тек 8,1 мыңы иегерілген. Бұл көрсеткіш 48 пайызды құрайды.