• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда жаңа монета айналымға сатылымға шықты

Қазақстанда жаңа монета айналымға сатылымға шықты.
Қазақстанда жаңа монета айналымға сатылымға шықты
Ұлттық банктың фотосы

Қазақстанда жаңа монета айналымға сатылымға шықты. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады. Реттеуші банктың таратқан ақпарына сүйенсек, жаңа монета сирек кездесетін ниобийге арналған. Ол «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы бойынша жарық көрді. 

Ниобий - сирек кездесетін металл, атом нөмірі - 41. Ол металлургияда, электроникада, сондай-ақ аэроғарыш пен атом өнеркәсібінде қолданылады. Монета атауы ежелгі грек мифологиясының кейіпкері және Танталдың қызы Ниобаның есімімен аталады.

925 сынамалы күмістен жасалған монетаға ниобий орнатылған. Салмағы - 32,8 грамм (925 күмісінің салмағы - 31,1 грамм, ниобий элементінің салмағы - 1,7 грамм), диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - рrооf, номиналы - 1 000 теңгелік, таралымы - бір мың дананы құрайды.

Жаңа монета Қазақстанның теңге сарайында жасалды. Ол 12 қазаннан бастап Ұлттық банктың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет дүкені арқылы сатылымға шықты.