Қазақстанда көлік саласында 31 жаңа мамандық қажет. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Министр үкімет отырысында жаңа мамандық иелері ВІМ цифрлық жобалаушылары, «ақылды жолдары» мамандары және құрылыс роботтың операторлары, теміржол саласы мен логистикада цифрлық логистер, автоматика мамандары, авиацияда жасанды интеллектпен істейтін диспетчерлер, әуе қозғалысының ЖИ-жобалаушы, пилотсыз техниканың операторлары керек.
Қазіргі таңда ел аумағында көлік саласында 870 мың адам жұмыс істейді. Министр жұмысшылардың басым бөлігі автомобиль және теміржол көлігі, жол құрылысы мен логистика сала мамандары екенін атап өтті. Олардың ішінде машинистер, жүргізушілер, техниктер мен инженерлер, логистика мамандары, пилоттар мен авиадиспетчерлер, кеме капитандары және механиктерге сұраныс жоғары.
Соңғы жылдары көлік саласында 57 мың маман тапшылығы байқалады. Осы салада жастарды тарту бойынша түрлі жәрмеңке өткізіп, мамандық таңдауға жәрдемдесіп, өндірістік тәжірибеден өткізуде. Министр бұл іс-шаралар келешекте жас маманға өз жұмыс орнын табуға көмек береді деп айтты.
Бүгінде көлік саласына мамандарды 37 жоғары оқу орны мен 47 колледжде дайындайды. Оларда 44 мыңға жуық студент білім алуда. Оның 28 мыңнан астамы мемлекеттік грант есебінен оқиды.