10 октября 2017

Латын әліпбиіне көшу мәселесі тақыланды

 «Латын әліпбиін енгізуге асығудың қажеті жоқ!» Батысқазақстандық зиялылар осындай пікірлерін ортаға салды. Бекітілген әліпбиге қатысты жанайқайын білдірген аға буын өкілдерінің бірқатары әліпбиіміздің өзгеруіне өз қарсылықтарын да білдіруде. Елбасының стратегиялық мақаласы аясында қабылданған бұл мәселе аймқтағы әдебиет саласының өкілдерінің арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Ресми бекітілген латын әліпбиі Қадыр ақын атындағы орталықта талқыға түсті. Жас ақындар, студенттер мен өскелең ұрпақ үлгі тұтатын зиялы қауым өкілдері дөңгелек үстел басына арнайы жиналды. Ұлтымыздың рухани тұрғыдан жаңғыруы мақсатында қолға алынған латын қаріпбиіне қайта оралуына жастар қатары оң көзбен қарайды. Себебі, бұл ұлттық тілімізді, дыбыстарымызды, әріптерімізді жаңғыртуға тың серпін берері рас. Бірақ, аға буын өкілдері кириллицадан ат тонын ала қашудың қажеті жоқ екендігін алға тартты. Жаңашылдық атаулығы секем ала қарайтын зиялылар «қазақ латын қаріпіне көшсе де, сана өзгермей көш ілгері дамымайды» дегенді айтады. Олардың пікірін қабыл алсақ, түркі әлеміне алфавитсіз ақ қосылып, жаһандық дамуға да қол жеткізе алады екенбіз. Тихон Әліпқалиұлы латын әліпбиінің елбасы бекіткен нұсқасын да қолдамайтындығын жеткізді. Ол үтір толы қаріптерді оқу да, жазу да қолайсыздық тудырады дегенді алға тартты. Алайда тілтанушы ғалымдар латынға қайта оралудың бірқатар артықшылығын айтып көрсеткен болатын. Бұның жаһандық дамуға да, түркі әлеміне қосылауға да қатысы жоқ, бұл тұста ұлттың ұтары - төл дыбыстарымыздың жандануында. Орыстың саясатымен жоғалтып алған қазақы үнімізді қайтару - басты міндет, заман талабы. Өзекті мәселеге байланысты қоғам арасында екі жақты пікір туындайтыны орынды да.  Себебі, бұл күллі алашқа қатысты маңызды шешім. Сондықтан да ұлт жанашырлары, зиялылар латын әліпбиіне көшу мәселесіне атүсті қарамау керектігін айтады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp