2 часа назад

Қазақстанда АЭС құрылысы басталды

Құрылыс жұмыстары Алматы облысында жүргізілмек.

Қазақстанда АЭС құрылысы басталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

«Росатом» компаниясы Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында салынатын атом электр станциясының құрылыс алаңында жобалау және іздестіру жұмыстарын бастады. Бұл туралы атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев хабарлады,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сәтқалиевтің айтуынша, қазіргі таңда тереңдігі 30-150 метрге дейінгі 70 астам ұңғыма қазылып, топырақ үлгілері зертханаға жіберілген. Сонымен қатар алдын ала сейсмикалық және картографиялық жұмыстар жүргізілген. Жиналған барлық деректер жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне енгізілмек.

 —  Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) стандарттарына сәйкес, егжей-тегжейлі инжиниринг пен жобалық құжаттамаға дейін шамамен 18 ай бойы алдын ала зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Осы кезеңде станцияның нақты орналасу координаттары анықталады. Сондайақ негізгі инженерлік инфрақұрылымды тарту, жұмысшылар қалашығын орналастыру және қазақстандық қамту үлесін, яғни елімізде өндірілетін жабдықтардың мөлшерін айқындау мәселелері жобалық құжаттамаға енгізіледі, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Оның айтуынша, атом электр станциясының нақты орналасу нүктесі әзірге белгіленбеген, ол инженерлік зерттеу нәтижесінде анықталады.

  1. Третью АЭС могут построить в Западном Казахстане
  2. Еще две АЭС появятся в Казахстане
  3. Казахстанцы сами придумают название для первой АЭС
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp