Биылғы оқу жылының ерекшелігі, 1-сынып оқушыларының сабақ үлгерімі бағаланбайды. Бұған дейін аталған сыныптардың балаларына 3, 4 тоқсанда баға қойылатын еді. Қазір оқушылар күзгі каникулдан кейін екінші тоқсан оқу жылын ойдағыдай жалғастыруда.

Қазір Бөрлі ауданында 25 жалпы білім беретін орта мектептің 18-і штаттық режимде, 7-уі қашықтықтан оқытылуда. Биыл мектеп табалдырығын 998 бүлдіршін аттаса, барлығы дерлік мектепке барып жүр. Жаңа оқу жылында 1 мен 4 сынып аралығындағы оқушылар үшін кезекші сыныптар ашылды. Биылғы жылдың бір ерекшелігі – 1 - 11 сынып оқушылары жаңартылған білім беру бағдарламасына көшті. Жалпы аудан бойынша жылдың басында 1 сыныптарда 37 сынып-комплект болса, қазіргі уақытта 62 сынып-комплект ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылының ерекшелігі, 1-сынып оқушыларының сабақ үлгерімі бағаланбайды. Бұған дейін аталған сыныптардың балаларына 3, 4 тоқсанда баға қойылатын еді.
- Бірінші сыныптардың оқу жүктемесі 24 сағат болса, 22-сі сабақ кестесіне, 2-уі баланы шығыармашылық тұрғыдан дамытуға арналған. Оқушылардың сабақ үлгерімін мұғалімі өзі бағалап, "Жарайсың", "Жақсы" деген бағамен ынталандырып отырады. Биылғы 2020-2021 жылындағы 1-сыныпқа қатысты өзгерістер еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, - Лаура Маметанова аудандық білім беру бөлімінің бас маманы.
Соның бірі - №5 орта мектепте 813 оқушы білім алуда. Соның 89 оқушы биыл 1 сыныпқа барды. 16 сынып-кешен 6 кезекші топқа бөлінген. Мектепте дизенфиекциялық құрал-жабдықтармен қамтылып, санитарлық талап қатаң сақталуда. Ауданның барлық мектептерінде бақылау топтары құрылып, санитарлық талапқа сай жұмыс күшейтілген.
- Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы – бастауыш сыныпта 2021 оқу жылының қаңтар айында ақпараттық коммуникациялық пәні қосылады, екінші тоқсанда жаңа пән оқытыла бастайды, - деді бастауыш сынып мұғалімі Жанар Игилманова.
Тамыз айының аяғында аудан мектептеріне республикалық және жергілікті бюджет есбінен компьютер, ноутбук, планшет алуға қаражат бөлінді. Планшеттер әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына берілді. Бүгінде мектептерде толықтай таратылып үлгерді.
Қазір ауданда індетің салдарынан аурып жатқан оқушы жоқ. Аудан педогогтарының сөзінше, ең басты міндет - білім ошақтарында қауіпсіздік шараларын мейлінше сақтау.
Сонымен қатар аудандық білім беру бөлімі мамандарының сөзінше, пандемия салдарынан биыл жаңа жылдық бағдарлама түп-тамырымен өзгерді. Бұрынғыдай жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылмайды. Аяз ата мен ақшақар балаларды онлайн форматта құттықтайды.
Жайнагүл Жеңісқызы
Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.