Орал қаласында 31 жасар ана 7-ші сәбиін дүниеге әкелді

«Алтын алқаға» қол жеткізгелі отырған азаматша Айгерім Ушанова. Жары- Азаматбек Ирисбековпен 2006-жылы шаңырақ құрған екен. Үлкен қыздары- Ясмина 2008-жылы дүниеге келген. Тоғжан 2009-жылы, Иса есімді ұлдарын 2011-жылы туса, төртінші перзенттері Жібекжан 2012-жылы дүние есігін ашқан. 2013-жылы Айгерім жарына Мирас есімді тағы бір батырды сыйлайды. Ал 2015-жылы Диас деген шекесі торсықтай ұл туған. Енді міне, 2018-жылдың 13-шілдесінде 7-ші сәбиін дүниеге алып келіп отыр. Салмағы 4 келі, бойы 54 см болып туылған нәресте-қыз бала. Есімін Медина деп қоямыз дейді ата-анасы. -«Мен ішкі істер органында жұмыс жасаймын. Елбасымызға алғыс айтамын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман. Осындай заманда әр отбасы қазақтың санын көбейтуге үлес қоса берсін»,-дейді балалардың әкесі Азамат Ирисбеков. Балалардың төртеуі мектепке, екеуі балабақшаға барады. Отағасы қазір 34 жаста. Ұл-қыздарын асырау үшін еңбек етіп, өсіріп-жетілдіруге бар күш-жігерін жұмсайтынын айтады. Ал Айгерім Ушанова осылайша 31 жасында «Алтын алқа» иегері атанғалы отыр. -«Менің жағдайым жақсы. Бала да тәуір. 13-сәуірде сәби дүиеге келді. Босану ауырлау болды. Бірақ дәрігерлер үлкен көмек көрсетті. Айтар алығысым зор оларға. Енді өз үйімізі болса деп армандаймын. Көлгінов ағама айтарым осы»,-дейді Айгерім Ушанова. Денсаулық сақтау басқармасы Айгерім Ушанованың денсаулық жағдайы күрделі екенін мәлімдеді. -«Әйелді кесарь тілігі арқылы босандырдық. Оған бала көтеруге болмайтыны бұрын да айтылған. Бірақ әйел тағы да босануға шешім қабылдапты. Жүктілік мерзімі ауыр өтті. Әйел адам әр баланы дүниеге әкелген соң кем дегенде 1-2 жыл ағзасын демалтып, дәрумендер ішіп, күтінуі керек. Айгерім Ушановаға енді дәрігерлердің қойған диагнозына байланысты босануға болмайды»,-дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова. Отбасы мемлекеттен арнайы санат бойынша берілген жалдық баспанада ай сайын ақша төлеп тұрып жатыр. Жалғыз асыраушылары- Азаматбек Ирисбеков қана. Соған қарамастан жанұялары тағы бір жанмен толыққанына бәрі де қуанышты. Жеке баспаналары жоқтығына қамықпай, ел демографиясына үлес қосып отырған ерлі-зайыптылар әр баланың өз несібесі бар деп санайды. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp