15 декабря 2017

Орал қаласының әкімі күрделі жөндеуден өткен "Сказка" балабақшаның жұмысымен танысты

Аталмыш мектепке дейінгі мекеме елу жыл бойы жөндеу көрмеген. Алайда, бүлдіршіндердің тәрбиесімен айналысып келген балабақшаның жөндеуі үшін қазынадан 186 миллион теңге қаражарт бөлініпті. Ағымдағы жылы төрт балабақша күрделі жөндеуден өткен. Олардың дені облыс орталығында орналасқан ғимараттар. Бүгінгі таңда 104 мектепке дейінгі мекеме қызмет жасап жатыр. Бұл қаламызда осыдан елу жыл бұрын кірпіші қаланған білім ордасы. Аталмыш балабақша жұмыс жасаған күннен бастап, биылғы жылға дейін күрделі жөндеу көрмепті. "Сказка" балабақшасына "Алатау-Альдан-Агро" мердігер компаниясы   биылғы жылдың маусым айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Осы жұмыстың сапасы мен нәтижесін Орал қаласынынң әкімі Мұрат Мұқаев өзі келіп тексеріп көрді. Сондай-ақ, Орал қаласының әкімі жаңадан өз жұмысын бастағалы отырған жекеменшік балабақшаның ашылу салтанатында болып қайтты. Аталмыш бөбекжай 80 орынға жабдықталған. Бүгінгі таңда жекеменшік мектепке дейінгі мекеме бір жастан төрт жасқа дейін балаларды қабылдап, тәрбиелеуге дайын көрінеді. Барлық жабдықтары да жаңаланып, бүлдіршіндер үшін есігін қайтадан айқара ашты. Биылғы жылы төрт бірдей мектепке дейінгі мекеме күрделі жөндеуден өтіпті. Ол үшін қазынадан 367 миллион теңге қаражат бөлінген. Бүгінгі таңда, шаһарымызың аумағында 104 мектепке дейінгі білім ордасы қызмет жасайды. Олардың 50-і мемлекеттік мекеме екен. Батыс Қазақстан облысының орталығында балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуына орасан зор көңіл бөлінуде. Осы мақсатта мемлекеттік жеке әріптестік бағдарламасы бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылып отыр. Соның арқасында балабақша кезегі аз да болса сейіліп отыр. Ал мекеме ғимараттарының жөнделуі-ұлт болашағы болар бүлдіршіндердің жәйлі жағдайда тәлім-тәрбие алуына мүмкіндік туғызуда. 54 жекеменшік бөбекжайға мемлекет тарапынан қолдау қаражаттардың бөлінуі бұл бағыттағы жұмыстарды жандыра түсті. Естеріңізге сала кетсек, күрделі жөндеу "Сказка" балабақшасында 2017 жылдың мамыр айында басталды. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp