Орал қаласының бюджеті ұлғайды

Бұл жөнінде қалалық мəслихаттың отырысында белгілі болды. Шаһарымыздың бюджетіне осылайша 5,4 млрд теңге қосылып отыр. Мамандардың хабарлауынша, осы жылғы қала бюджеті 44,6 млрд теңгені құрайды. — "Облыстық бюджеттен қалалық бюджетке  3 512,8 мың теңге түсті. Қаланың кірісі 2,2 млрд. теңгені құралы. Осылайша қала бюджеті 5,4 млрд теңгеге ұлғайды",-дейді Орал қалалық экономика жəне бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы  Альмира Тулегенова. Қалалық бюджеттен қаражат тұрғын үй құрылысына, жол жөндеуге, білім саласына, аулаларды абаттандыру мен мамандарды жұмысқа орналастыруға бағытталады. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша үй салуға облыстық бюджеттен — 2,2 млн теңге, қала жолын жөндеуге – 340,6 млн теңге, аулаларды абаттандыруға – 221,8 млн теңге, оқулықтар сатып алуға – 647,3 млн теңге, жұмысшы кадрларды қайта даярлап жəне жұмысқа орналастыруға — 57,5 млн теңге жұмсалмақ. 31,2 млн теңге қаланың солтүстік-шығыс бағытындағы тұрғын жəйларды газдандыруға,  285,3 млн теңге —білім беру нысандарын ұстауға, ал мəдениет саласы ғимараттарын жөндеуге – 16 млн теңге бөлінбек. Жəне 158 млн теңге əлеуметтік қорғау, жастар саясаты мен спорттық шараларға бағытталмақ. 544 млн теңге тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына, жол-көпір қажеттілігі мен жарықтандыруға, үйлерді жаңғыртуға қарастырылған. Жолаушы тасымалын қаржыландыруға 20 млн теңге бөлінбекші екен. Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp