Экономика
Оралға жеті елден инвесторлар келді
Өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыру, түрлі салаларда өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған ІІІ халықаралық инвестициялық «WestKazInvest-2016» форумына Ұлыбритания, Финляндия, Ресей Федерациясы, Иран, Италия, Исландия, Чехия елдерінен, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларынан, еліміздің өзге де аймақтарынан жетекші шетелдік және ұлттық компаниялар, халықаралық қаржы корпорациялары, қаржы орталықтары мен даму институттарының өкілдері, кәсіпкерлер келді. Жалпы алғанда жиынға 100 шақты шетелдік және 500-дей отандық өнеркәсіптің, қаржы институттарының өкілдері қатысты. Ал тау