Экономика
Оралда азық-түлік тауарларын өндірушілердің көрмесі өтті
Бүгін қала күніне орай «Сапалы өнім – 2016» азық-түлік тауарларын өндірушілердің Х қалалық көрмесі өтті. Дәстүрлі шараға шаһардағы 17 кәсіпорын өз өнімін ұсынды. Отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатындағы көрме соңында үздіктер анықталды. Көрмеге азық-түлік тауарларының мол таңдауы қойылған. Ас атасынан бастап, ауыз су, кондитерлік, ет, шұжық өнімдерінің түр-түрі бар. Осымен оныншы рет өтіп отырған көрмеге жыл сайын қатысатындармен қатар, жұрт алдына бірінші рет шыққан жаңа кәсіпорындар да бар. - «Аква-Урал» деп аталатын жаңа кәсіпорын ауыз су өндіреді, - дейді технолог Самал Мерғалиева. - 18,9