Оралда балаларға арналған Оқу жағажай ашылды

 Адам өмір сүрген сайын көпті көріп білімді атанып және әдіс-тәсілдердің қыр-сырын біле тұрса да, негізгі ұғымды жас кезінде игеретіні анық. Осы уақытта алған мәліметтер мен тәжірибелер ұзақ уақытқа олардың естерінде қалады. Сондықтан, қауіпсіздікке баулуды жас кезінде үйреткен абзал. plavanie БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының мәліметі бойынша, балаларға қауіпсіздік ережелерін айтумен қоса дағдыларын қалыптастыру жағын ұйымдастырған тиімдірек. Былтырғы жылы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы тілсіз жаудың құрбандығына жол бермеу үшін балаларды бос уақытында алғашқы жүзу дағдыларына үйрету керектігі жөнінде облыс әкімдігінде Оқу жағажайын ашу туралы мәселе көтерген болатын. Аталған мәселеге облыс әкімі бірден қолдау білдіріп, бірнеше мемлекеттік органдармен бірге жүзеге асырылатынын атап өткен еді. Енді міне, ағымдағы жылдың 22 шілдесі күні БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бөлімдері басшыларының ұйымдастыруымен оқу жағажайы «Жедел-құтқару жасағы» ММ-нің аумағында салтанатты түрде ашылды. Алдымен жедел-құтқару жасағының сүңгуірлік-құтқару қызметінің басшысы Алексей Еремеев балаларға судағы жүріс-тұрыс ережелерін, зардап шеккендерге көмек көрсету, құтқару құралдарын қалай қолдану керектігін және суға түсу ережелерін түсіндірді. Іс-шара барысында балалар қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы көптеген жазатайым оқиғалардың алдын алуға болатындығын түсінді. Оқу жағажайының ашылуында «Атамекен» балалар жазғы-сауықтыру лагерінің 37 тәрбиеленушісі қатысып, суда жүзудің алғашқы дағдыларын қалыптастырды. Енді суға түсу маусымы аяқталғанша балалар кестеге сәйкес аптасына 2 рет сейсенбі және жұма күндері суда жүзуді үйренбек. Іс-шараның барлық қатысушылары көңілді, ең бастысы балалар тіршілік қауіпсіздігі мәдениеті туралы пайдалы кеңестерді тыңдап әрі қайталаумен болды. Сонымен қатар, тағы да бір айтып кететін жәй, көп пәтерлі тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлау фактісін алдын алу керек. Жаз кезі - бұл адамдардың табиғат аясына демалуға шығатын керемет кез. Жазда балалардың көптен күткен жазғы демалыстары да басталады. Өкінішке орай, осы уақытта адамдардың жарақат алу, суда қаза болу, жол-көлік оқиғалары және де тұрмыстық, табиғи өрттер санының өрістеуі байқалады. Арман КУРМАНАЛИЕВ
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp