Социум
Оралда қоғамдық көлік ақысы дифференциялық жолмен төленуі мүмкін
Сараланған жолмен жолақы төлеу жүйесі биылғы жылдың аяғында енгізілуі тиіс. Бұл дегеніміз жолаушылар екі түрлі бағамен жолақы төлей алады деген сөз. Егер қолма қол ақшамен төлесеңіз белгіленген жолақыны, яғни 80 теңге төлейсіз. Ал жолақыны электронды картамен төлеген кезде арзанырақ баға болады деп күтілуде. Қоғамдық көліктерге осы жүйені енгізу үшін арнайы комиссия құрылыпты. Бұл осыған дейін пилоттық түрде тәжірибеден өткен электронды жолақы төлемі аясында қолданысқа енбек. Қазір кемшін тұстар толықтырылып, дифференциялау жолдары қарастырылуда. Осы мақсатта комиссияның алғашқы отырысы да өті